Ақтөбеде апалы-сіңлілі қыздар туған әкелерінен зорлық көргенін айтып арызданды

Azattyq Rýhy

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде апалы-сіңлілі қыздар туған әкелерінен зорлық көргенін айтып арызданды
Фото ашық дереккөзден

22 және 14 жастағы ақтөбелік қыздар «НеМолчи.kz» қорына хабарласып, көмек сұрады. Олардың айтуынша, туған әкесі сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен. Қазір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтөбеден хабарласқан апалы-сіңлілі екі қыздың бастан кешкен оқиғасы жайлы хабарлады.

«Туған әкесінен зәбір көрген қыздың үлкені 20 жаста болса, кішісі 14 жаста. Үлкені 6-7 жасында қорлық көрген. Әкесі оған жыныстық мүшесін ұстатып, зорлық жасаған. Анасы екеуі мұны жасырып қалуды жөн көріпті. Кіші қыз 10-11 жасында зорлық көрген екен. Сіңлісінің зорланғанын естіген апасы екеуі 22 маусым күні полицияға арыз түсірді. Олар әкесімен оңаша қалуға қорыққан. Анасы түнгі кезекке шыққанда үйге қонбай жүрген. Үлкен қызының айтуынша, әкесі үш рет сотталған. Екеуінде зорлық жасағаны үшін, біреуі - бұзақылық», -  деп жазды Дина Таңсәрі.

Ал облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу деректері Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.