$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Инфляция: Қазақстанда азық-түлік пен тауарлар қанша пайызға қымбаттады

Елімізде әсіресе қант, қырыққабат пен пияз айрықша қымбаттады

 

Инфляция: Қазақстанда азық-түлік пен тауарлар қанша пайызға қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Бүгінде өткен жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 19,2%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 13,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы АПР Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Азық-түлік нарығында жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі қантқа – 78,7%-ға, қырыққабатқа – 72,4%-ға, пиязға – 69,3%-ға белгіленді. Картоп бағасының 9,8%-ға төмендеуі байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда (2021 жылғы маусыммен салыстырғанда) 13,2%-ды құрады.

«Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 23%, жуу және тазалау заттарына – 20,8%, тұрмыс құралдарына – 19,7%, құрылыс материалдарына – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 18,2%, автомобильдерге – 15,1%, ыдыс-аяққа – 13,9%, тоқыма бұйымдарына – 10,8%, фармацевтикалық өнімдерге 9% өсті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ақылы қызметтердің бағасы бір жылда (2022 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін) 9,2%-ға өсті.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне баға деңгейі 15,9%-ға, денсаулық сақтау – 14,7%-ға, санаторийлерге – 13,7%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 13,2%-ға, шаштараз және жеке күтім қызметтеріне – 12%-ға, қонақүйлерге – 5,7%-ға өсті.

Жолаушылар тасымалы қызметі 4 пайызға қымбаттады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясына – 7,5%-ға, қоқыс жинауға – 2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,4%-ға, орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға – 0,9%-ға тарифтер өсті», - делінген бюро хабарламасында.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексін есептейді. 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарларға тарифтер мен бағаларда өзгерістер бар.

Серіктес жаңалықтары