$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында қарулы қақтығысқа қатысқандар ұсталды

Аталған фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Ақмола облысында қарулы қақтығысқа қатысқандар ұсталды
Ақмола облысы ПД

Ақмола облысының полицейлері қарулы қақтығысқа қатысқандарды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

28 маусымда Қарасай айналма жолы бойындағы автодромда төбелес болып, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнына криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп жетті.

«Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысқан 15 адамның 22 жастан 40 жасқа дейінгі Көкшетау мен Қарағандының тұрғындары екені анықталды. Оқиға орнынан Тanfoglio мен "Стражник" маркалы травматикалық тапаншалары мен патрондар, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді», - деп мәлім етті Ақмола облыстық ПД.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни "Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары