$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еурокомиссия Ұлыбританияны Солтүстік Ирландияға қатысты келіссөзге шақырды

Брюссель «Екіжақты әңгіме Лондон күткен нәтижеге негізделмеуі керек» деген талап қойды

Еурокомиссия Ұлыбританияны Солтүстік Ирландияға қатысты келіссөзге шақырды
Фото ашық дереккөзден

Еурокомиссия Ұлыбританияны Солтүстік Ирландияға қатысты даулы мәселе бойынша келіссөзге шақырды. Бірақ Брюссель «Екіжақты әңгіме Лондон күткен нәтижеге негізделмеуі керек» деген талап қойды. Бұл туралы Еурокомиссияның вице-президенті Марош Шевчович мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апта басында Британия парламенті Солтүстік Ирландиямен арадағы сауда-саттық туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Ол құжат бойынша «Брекситтен» шығу кезінде бекітілген біраз ереженің күші жойылмақ. Еурокомиссия «жаңа өзгерістер Еуроодаққа мүше Ирландиямен тауар алмасу бағытында тиімсіз болады» деп қарсы шығып отыр.

 «Біз келіссөз жүргізуге дайынбыз. Алайда онда тараптардың мүддесі жан-жақты ескерілуі керек. Мәміле Ұлыбританияның ыңғайына қарай жасалмауы тиіс. Әйтпесе Лондон ұсынып отырған заң жобасы Еуроодақ үшін тиімсіз. Өйткені ол халықаралық құқық пен 2 жыл бұрын ғана қол қойылған ең маңызды келісімдерге қайшы келеді», - деді Еурокомиссия вице-президенті Марош Шевчович.

Серіктес жаңалықтары