Атышулы «Алтын орда» базарында заңбұзушылық әлі де тоқтаған жоқ – заңгер

Azattyq Rýhy

Белсенділер мәселені Ақ ордаға дейін жеткіземіз деп бекініп отыр

Атышулы «Алтын орда» базарында заңбұзушылық әлі де тоқтаған жоқ – заңгер
Фото ашық дереккөзден

Базар төңірегіндегі даудың басылар түрі жоқ. Қоғам белсенділері Алматыдағы атышулы «Алтын орда» базарында сәуір айында басшылық ауысқанмен, заңбұзушылық тоқтамағанын айтады. Тіптен, көрші елдерден келген топтар базарды өзінше бөліп, билігін жүргізеді-мыс. Былықтың бетін ашу үшін тілшілердің басын қосқан заңгер Дәурен Ғабдул қолдан жасалған қымбатшылыққа солардың тікелей қатысы бар деген пікірде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

 «Сәуір айынан бастап Алтын Ордада баға төмендеді ме? Біз күткендей өзгеріс болды ма? Жоқ! Базардың басшылығы ауысып, бәрі өзгереді, жалға алушылар жақсы жағдай жасалады, тауарлардың бағасы түседі деп ойладық. Басшылықтың ауысқаны да өзі үлкен күмән туғызады. Бұл шағын сауда орны емес қой, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 миллион адам. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді», - деді заңгер Дәурен Ғабдул.

Айта кетейік, биыл сәуір айында сауда орталығына орналаса алмай сенделген 800-дей саудагердің шағымын жеткізген. Ол кезде наурыз айында салынып бітуі тиіс ғимаратқа жайғаса алмай жүргендеріне наразылық білдірді. Мұндай әуре-сарсаңға түсуін жаңа басшылықтан көрді. Жұмысқа жақында кірістік деген Алтын орданың бас әкімшісі бәрі реттеледі деп уәдесін үйіп төккен еді. Енді қоғам белсенділері бұл жерде басқа былықтың да беті ашылып жатқанын алға тартады. Осы мәлімдемеден кейін мардымды жағдайды түсіндіретін жауап болмаса, мәселені Ақ ордаға дейін жеткіземіз деп бекініп отыр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.