$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында жұмыссыз ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

Оларға жұмысқа орналастыру жалпы кезек бойынша жүргізілетіні хабарланды

Маңғыстау облысында жұмыссыз ауыл тұрғындары жолды жауып тастады
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында жұмыссыз ауыл тұрғындары жұмысқа орналастыруды талап етіп, жолды жауып тастады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"29 маусым сағат 18.20-да Жетібай мен Мұнайшының 30-ға жуық жұмыссыз тұрғыны мұнай секторына жұмысқа орналастыруды талап етіп, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ кен орнына баратын жолды жауып тастады", – деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері жиналғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Оларға жұмысқа орналастыру жалпы кезек бойынша жүргізілетіні хабарланды. Кезектен тыс жұмысқа орналастыру басқа үміткерлерге жасалған әділетсіздік болады", - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары