Бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімі ұзартылуы мүмкін
Бұған дейін депутаттар 3 жылға дейін ұзартуды ұсынған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Бұған дейін министрлік бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеген еді.
"Қарастырып жатырмыз. Ол жөнінде жақсы хабар айтамын", - деді Дүйсенова парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Айта кетері, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлемнің мерзімін ұзартуды талап еткен. Депутаттар бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.
Ал былтыр жазда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауға кіріскенін мәлімдеді.