01.02.2020, 17:27
Жаңалықтар
Коронавирустан қаза тапқандар саны 259 адамға жетті
Ал вирус жұқтырғандар саны 12 мыңға жуықтап қалған
Фото: dw.com
Коронавирустан қаза тапқандар саны 259 адамға жетті. Ал вирус жұқтырғандар саны әлем бойынша 12 мыңға жуықтап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CGTN телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, Қытайда вирусты 11 821 адам жұқтырған, ал шетелдерде бұл көрсеткіш 124 адамға жетті. Сонымен қатар вирустан Қытайда 259 адам қаза тапқан.
«243 адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шығарылды. Дегенмен, денсаулық сақтау саласының сарапшылары емделіп шыққандарда вирусты қайта жұқтыру қаупі басым екенін айтады», - деп хабарлайды телеарна.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты