$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

920 млн теңге жымқырған: «ӨКМ Операторының» бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды

Оның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 АЕК-ке дейін сыйақы көзделген

920 млн теңге жымқырған: «ӨКМ Операторының» бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде. Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары