СҚО полицейлері заңсыз тасымалмен айналысқан 6 такси жүргізушісін анықтады

Azattyq Rýhy

Оларға кәсіпкерлік қызметімен заңсыз айналысқаны үшін хаттама толтырылды

СҚО полицейлері заңсыз тасымалмен айналысқан 6 такси жүргізушісін анықтады
Фото ашық дереккөзден

СҚО полицейлері заңсыз тасымалмен айналысқан 6 такси жүргізушісін анықтады,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – таксилерді тексеріп, қызметін заңсыз жүзеге асырып жүрген тасымалдаушыларды анықтаумен жүзеге асырылатын полицейлердің басты мақсаты. Тиісті түрде тіркелмеген автокөліктер тиісті тексерістерден өтпейді, сақтандыру шартын жасаспай, жолаушыларына ешқандай жауапкершілік алмайды. Осылайша, заңды түрде тіркелмеген такси қызметін пайдалану қауіпсіз емес. Мәселен, Петропавл аумағында 54 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген Toyota автокөлігі тоқтатылды, жүргізуші жолаушыны салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей тасымалдамағаны анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметімен заңсыз айналысқаны үшін хаттама толтырылды.

«Осындай рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Қызметін заңды түрде жүзеге асырып жүрген такси жүргізушілері де тексерілуде. Оларда жолаушыларына сақтандыру полистері, техникалық бақылаудан өткені туралы талон және басқа да қажетті құжаттар болуы тиіс. Сондай-ақ, ҚР заңнамасымен шетелде тіркелген көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынғаны туралы еске саламыз. Барлық жүргізушілерді заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз». Жалпы рейдтік іс-шаралар кезінде облыс бойынша қызметін заңсыз жүзеге асырған 6 такси жүргізушісі және жолаушылардың тасымалдаушылары тарапынан 20-дан астам түрлі бұзушылық анықталды», – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.