$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері азаптау фактісімен қамауға алынған

ҚР Бас прокурорының орынбасары қаңтарда 238 адам қаза тапқанын айтты

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері азаптау фактісімен қамауға алынған
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сегіз қызметкері, полицияның бір қызметкері қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптады деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиевтің мәліметінше, барлығы 15 адам күдікті деп танылған.

«Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапты. Оның алтауы азаптаулардан кейін көз жұмды. Азаптау фактісі бойынша 9 адам қамауға алынды, оның 8-і – ҰҚК, 1-і – полиция қызметкері. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек полиция мен ҰҚК қызметкерлері бар», - деді Бас прокурордың орынбасары тілшілер сұрағына.

Бас прокурордың орынбасары сонымен қатар, қаңтарда қаза тапқандардың толық тізімін жария ету үшін әрқайсының қандай жағдайда көз жұмғанын толық анықтау керек екенін, қазір әлі де тергеу жұмысатры жүріп жатқанын айтты.

«15 адам күдікті деп танылды, оның 9-ы қамауға алынды. Бірақ олардың бәрін кінәлі деп дәл қазір айта алмаймыз, олар әлі де күдіктілер қатарында. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Олардың бәрі қызметтерінен шеттетілді. Қалғандары үйқамақта отыр», — деді Әсет Шындалиев.

Серіктес жаңалықтары