Қарағанды облысында балалар арасында өкпе ауруы өршіп тұр
Жыл басынан бері туберкулез жұқтыру балалар арасында 28 процентке көбейген
Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез дерті өршіп барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Оған ата-аналардың өкпе ауруының алдын алу үшін салынатын вакцинаға қарсы болуы басты себептердің бірі дейді дәрігерлер. Тек жыл басынан бері туберкулез жұқтыру балалар арасында 28, ал жеткіншектерде 37 процентке көбейген. Өкінішке қарай, соңғы кездері жас босанған аналардың екпе салдыруға қарсылығы жиілеген. Бес айда дүниеге келген 656 сәбидің ешқайсысына екпе салынбаған. Облыста жыл басынан бері 7624 сәби дүниеге келсе, соның тек 7 мыңға жуығы ғана екпе алыпты.
"Флюра тексеріспен бірге АТР Диаскинтест деген әдіспен біз балаларды тексеріс жүргіздік. 7 бала ол 15 жасқа дейінгі балалар, 8 бала 15-18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің арасында. Балалардың арасында былтырғы жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға өсіп отыр, ал жасөспірімдердің арасында 37 пайызға", – деді облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Құралай Божбанова.