$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жаңа босанған әйел көз жұмды

Әйелдің жағдайы отадан кейін күрт нашарлаған

Алматыда жаңа босанған әйел көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында» 30 жастағы келіншек қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Үшінші перзентін кесір тілігі арқылы дүниеге әкелген әйелдің жағдайы отадан кейін күрт нашарлаған. Медициналық мекеме қызметкерлері пациентке екі мәрте операция жасағанымен, аман алып қала алмапты. Олардың айтуынша, әйелге жүктілік кезінде «гестациялық тромбоцитопения» диагнозы қойылған. Әзірге келіншектің нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазір іс Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, сот медициналық сараптама тағайындалды.

«Жүкті әйелге жоспарлы кесарь тілігі операциясы жасалды. Ота техникалық жағынан ерекшеліксіз өтті. Алайда келіншектің денсаулығы босанған соң, операциядан кейінгі кезең нашарлай түсті. Орталықтың медицина қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдады. Бірақ өкінішке қарай, аман алып қала алмады», – деді «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айымбетова.

Серіктес жаңалықтары