Алматыда Мемлекеттік тумен қоқыс шығарғандардың видеосы тарады
Оқиға сенбілік өтіп жатқан жерде болған
Әлеуметтік желіде қоқыс салынған мемлекеттік ту тиелген жүк көлігінің видеосы тарап жатыр. Бейнежазба телеграмм-арналардың бірінде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде сенбілік өтіп жатқан жерде болған.
Қоқыс шығаруға арналған қап орнына Қазақстанның мемлекеттік туын қолданған.
Айта кету керек, қазақстандықтарға 2020 жылға дейін туды тіпті балконға ілуге рұқсат берілмеген. Осы жылы мемлекеттік рәмізді өз балконнына ілгені үшін 396 400 теңге айыппұл төлеген азамат бұл шешіммен келіспей, әлеуметтік желі қолданушыларының қолдауына ие болып, әділетсіз заңмен күресуге кірісті.
Нәтижесінде Қазақстанда туды қолдану ережелері қайта қаралды.