$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде пара алды деген мемлекеттік қызметкер министрліктен өтемақы өндіріп алды

Ол тартқан зардабы үшін 7 млн теңге сұраған

Ақтөбеде пара алды деген мемлекеттік қызметкер министрліктен өтемақы өндіріп алды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде пара алды деген күдікпен 7 ай тергеуде болып, кейін сотта ақталып шыққан мемлекеттік қызметкер Қаржы министрлігінен моральдық өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Орман шаруашылығы басқармасының бас маманы тартқан зардабы үшін 7 миллион теңге сұраған. Сот материалы бойынша, мемлекеттік қызметкер ағаш кесуге рұқсат бергені үшін 200 мың теңге алды деген күдікпен ұсталған. 7 ай тергеліп, былтыр қарашада өткен сот процесі кезінде айыптаушы жақтың уәжі дәлелденбей, ол қамаудан босатылған. Бас маман   азаматтық сотқа жүгініп, заңсыз қудаланғаны үшін Қаржы министрлігінен моральдық шығын өтеуді талап еткен. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырды. Сөйтіп, 3 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, мемлекет заңгерлік шығын мен жүргізілген сараптамалардың ақысын да қайтарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман шаруашылығы басқармасының бас маманы қызметіне оралған.
 

Серіктес жаңалықтары