Оралда жол апаты болып, кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты
Апатқа қатысты соталды тергеу басталды
Оралда жол апаты болып, кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 26 маусымға қараған түні сағат 00:40-та Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota шағын автобусы жол жиегінде тұрған Scooter мен ВАЗ-2110 көлігіне соқтығысқан.
"Апат салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы - 17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, шағын автобус жүргізушісі сау болған. Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - шағын автобус жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып ұялы телефонына алаңдап кеткен", - деді ПД баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Жол жүру ережесін бұзу") бойынша соталды тергеу басталып, барлық қажетті сараптама тағайындалды.