26.06.2022, 15:59
Жаңалықтар
Петропавл әкімдігі Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салды
Әкімдік халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды
Фото ашық дереккөзден
Петропавл әкімдігі ресейлік әнші Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
23 маусымда "Ласковый май" тобының әншісі Юрий Шатунов қайтыс болды. Әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде әншіні еске алуға шақырған үндеулер жарияланды.
Хабарламаларда осы жиынға арналған бірнеше орын көрсетілген. Алайда қала әкімдігі бұл шараға тыйым салды.
"Құрметті қала тұрғындары, Интернациональная мен Бөкетов көшелерінің арасында Юрий Шатуновты еске алуға арналған шара өткізілмейді. Флешмоб өткізуге рұқсат берілмеген. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды