Науқастардың шамамен 15%-ы ғана ауыр халде жатыр
Қытайда 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғандардың басым көбі жеңіл ауырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің дерегінше, ауырып жатқан науқастардың шамамен 15%-ы ғана қатты ауырып жатқан көрінеді.
Айта кетсек, 31 қаңтар күнгі мәлімет бойынша, Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 9692 адамға жеткен. 1982 адам соңғы тәуліктерде ауру жұқтырып үлгерген. Ал 200-ден астам адам ауруханада көз жұмған.
Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Хубэй провинциясында және оның әкімшілік орталығы саналатын Ухань қаласында тіркеліп отыр.