$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хромтауда кәмелетке толмаған бала самокатпен жол апатына ұшырады

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Хромтауда кәмелетке толмаған бала самокатпен жол апатына ұшырады
Фото ашық дереккөзден

Хромтауда кәмелетке толмаған бала самокатпен жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 маусымда Хромтау қаласындағы Абай даңғылында көп қабатты үйдің ауласында 53 жастағы Ssang Yong автокөлігінің жүргізушісі самокатпен келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 53 жастағы жүргізуші масаң күйде болмаған.

 ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

 

Серіктес жаңалықтары