$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мен туған Қазақстаныма міндетті түрде келемін - Тигран Кеосаян

Ол бұл жағдайға әзілмен қарайтынын жеткізді

Мен туған Қазақстаныма міндетті түрде келемін - Тигран Кеосаян
Фото ашық дереккөзден

Ресейлік журналист Тигран Кеосаян өзінің Қазақстанға кіруіне тыйым салынуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол бұл жағдайға әзілмен қарайтынын жеткізді.

"Мен керемет әзілмен қараймын, Отаным орден бергендей қараймын. Бұл күлкілі жағдай, жай ғана күлкілі. Бәлкім мен олардың қорқынышын тудыратындай жанды жерлеріне тиген шығармын. Демек, мен өзімнің журналистік міндетімді дұрыс атқардым. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Ол үшін мен Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Менің туған Қазақстаныма,  өзім өсіп-өнген кеңестік Қазақстаныма оралатын сәт міндетті түрде туады", - деді Кеосаян.

Естеріңізге сала кетейік, Кеосаян лаңкестермен және Қазақстанға келуі құпталмайтын адамдар тізіміне енгізілген.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Тигран Кеосоян