25.06.2022, 13:58
Жаңалықтар
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары 2 айға қамауға алынды
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Фото ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Сот өкілдері Ділманов екі айға дейін қамауға алынғанын айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстаған болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)