Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari көлігін жүргізіп жүр ме

Azattyq Rýhy

Оның Ferrari көлігін мінген фотосы 10 жыл бұрын әлеуметтік желіде жарияланған

Бердібек Сапарбаевтың ұлы Ferrari көлігін жүргізіп жүр ме

Танымал саясаткер Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев кезінде желідегі жұртты шулатқан қызыл түсті Ferrari көлігін осы күні тізгіндеп жүр ме? Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарып жүрген ол осы сауалға El-Orda You Tobe арнасында жауап берді, деп жазады Elorda.info.

«Ол фотоның әлеуметтік желіде тарап жатқанына бүгінде 10 жылдан асты. Кез келген жас адам, ер адам ондай көлікті көргенде бейжай қарап, өтіп кетеді деп есептемеймін. Кез келген жан міндетті түрде ондай көлікпен суретке түсуді қалайды. Егер менде дәл сондай қызыл Ferrari болса, Нұр-Сұлтан қаласында құйғытып жүрер едім, - деді Жансұлтан Бердібекұлы.

Осы орайда журналист «Менің түсінуімше, сізде әзірге ондай көлік жоқ» деп сұрайды. Сапарбаев «жоқ» деп жауап береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.