24.06.2022, 14:21
Жаңалықтар
Израильде көне мешіттің іргетасы табылды
Мешіт іргетасы Рахат қаласындағы жаңа кварталдың құрылыс жұмысы кезінде табылған
Израильдің археологтары елдің оңтүстігіндегі Негев шөлінен көне мешіттің іргетасын анықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мешіт іргетасы Рахат қаласындағы жаңа кварталдың құрылыс жұмысы кезінде табылған. Оның көлемі шағындау, ал формасы шаршы тәріздес келген. Сол сияқты жартылай дөңгелек ғибадат орны – михраб болған.
Мешітке таяу жерден византия кезеңінің фермер үйі және исламның ерте кезеңіне тән орны да табылған. Жергілікті мамандар бұл артефактілердің ғалымдарға өңірдің христиан дінінен Исламға қалай өткенін тереңірек түсінуге септігін тигізетінін мәлім етті.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды