Еуроодақ жер сілкінісіне байланысты Ауғанстанға 1 млн еуро бөледі

Azattyq Rýhy

Ауғанстанда 6,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды

Еуроодақ жер сілкінісіне байланысты Ауғанстанға 1 млн еуро бөледі

Еуропалық комиссия Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауғанстанда қазірдің өзінде ауыр гуманитарлық дағдарыс адам өліміне әкелген жер сілкінісінен ушыға түсті. ЕО-ның жергілікті жердегі қызметкерлері келтірілген шығын көлемін әлі күнге дейін бағалап жатқандықтан, алғашқы есептер 1 мыңнан астам ауғандықтың көз жұмғанын және одан да көп адам жарақат алғанын көрсетеді. Қолда бар мәліметтер бойынша зардап шеккен аудандарда тұратын 270 мың адам шұғыл көмекке мұқтаж. Осыған байланысты Еуропалық одақ 1 миллион еуро сомасында көмек көрсетті. ЕО бұдан әрі де барынша көмек көрсетуге дайын», - деді Одақтың дағдарысты жағдайларды басқару комисары Янез Ленарчич.

Қаржыландыру ауғандықтардың медициналық көмек, сумен жабдықтау, санитарлық-гигиеналық қызметтер, тұрғын үй және көп зардап шеккен қауымдастықтарды қорғау қызметтерін ұсыну сияқты шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

Айта кетейік, Ауғанстанда 6,1 балдық жойқын жер сілкінісі болып, одан қаза болғандар саны 1500 адамға жеткен болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.