«45 градус ыстық болады»: синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктердің хабарлауынша солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары, өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді.
«Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Солайша бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Ауа температурасының негізгі аясы күндіз келесідей күтіледі: батыста + 25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.