Елімізде жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау артады

Azattyq Rýhy

Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінген

Елімізде жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау артады
фото: agroinfo.kz

Құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Қағидалар 2022 жылдың 30 маусымда ресми жарияланғаннан кейін,  10 күнтізбелік  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - деп көрсетті АШМ баспасөз қызметі.

Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.

Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.

2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд теңге бағытталды.2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% -  47,1 млн басқа дейін өсті.

Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады. Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.