$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәскеуде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті

Қорғаныс министрлігі жауынгерлерінің сүйегін туған жерінде жерлеу үшін марқұмдардың туыстарына тапсырады

Мәскеуде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер: Петр Абрамович Фоменконың (1918 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, оның сүйегін Санкт-Петербург қаласының «Святой Георгий» іздестіру жасағы тапқан), Төрегелді Үркербаевтың (Алматы облысы, Жамбыл ауданының тумасы, сүйегін Воронеж қаласының «Патриот» іздестіру жасағы тапқан) және Николай Матвеевич Гуровтың (1922 жылы туған, Алматы облысының тумасы, Заинск қаласының «Гвардия» іздестіру жасағы тапқан) сүйегін тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің, «Ресейдің іздеу қозғалысы» ұйымының, «Патриот» іздестіру жасағының, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев Қазақстан аумағынан 1,5 миллионнан астам адам шақырылғанын, олардың 600 мыңнан астамы қаза тапқанын және 271 мыңнан астам сарбаз хабар-ошарсыз кеткенін еске салды. Ол «Ресейдің іздеу қозғалысы» ұйымына, «Патриот» және басқа да іздеу топтарына алғыс айтты.

«Ресейдің іздеу қозғалысы» өкілі Дмитрий Федосов өз кезегінде тарихи сәтті есте сақтау және жастарды тәрбиелеу мақсатындағы мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

Қазақстандық және ресейлік іздеу жасақтарының бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

 

Серіктес жаңалықтары