$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарауымыз қажет – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

 

Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарауымыз қажет – Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті тағы бір маңызды мәселе ретінде қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан қызу пікірталастар кезінде саяси әділдік мәселесі туралы ұмытпау керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

– Елінің дамуына лайықты үлес қосқан қоғамдық-саяси көшбасшыларын, ғылым және мәдениет қайраткерлерін қадір тұтпайтын халықтың келешегі де бұлыңғыр болмақ. Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның Тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет. Оның саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын бермек, - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылай деген Мемлекет басышысы қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек екенін айтты.

– Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек, – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары