22.06.2022, 13:29
Жаңалықтар
Астанада тарихи стадион сүріледі
Оның орнына жаңасы салынбақ
Фото: ашық дереккөзден
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион сүріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін қала билігі нысанды толықтай қайта жөндемек болған, алайда техникалық тексеріс ғимарат мұндай қысымға төтеп бере алмауы мүмкін екендігін көрсеткен.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың мәліметінше, стадионды сүріп, оның орнына жаңасын салу әлдеқайда арзанға түседі.
БАҚ өкілдері жаңа стадионның УЕФА-ның үшінші деңгейіне сәйкес болатынын және қолданысқа 2024 жылы берілетінін хабарлады.
Ескі арена 1936 жылы салынып, жөндеу жұмыстары 1998 жылы жүргізілген. Көп жылдар бойы арена «Жеңіс» клубының стадионы болып келді.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты