$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кететінін мәлімдеді

Бұл туралы Болат Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

 

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кететінін мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кеткені туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті», - деп жазды Болат Жұмабеков.

Ол әріптестеріне, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК және меншік иелері бірлестіктерінің төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысын білдірді.

Тақырыпқа орай: Петропавл әкімі үйқамаққа алынғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Айта кетсек, мамыр айының соңында Болат Жұмабековтің үйқамаққа алынғаны туралы қауесет тараған болатын. Ол біраз уақыт неліктен көрінбей кеткеніне қатысты түсінік беріп, соңғы 4 жылдан бері енді ғана 20 күндік демалысқа шыққанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары