$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий құбыр консорциумындағы шектеу мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді – министр

Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатты

Каспий құбыр консорциумындағы шектеу мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді – министр
Фото: shell.com.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжіліс алаңында Каспий құбыр консорциумындағы мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуіне қатысты пікір білдірді. Мұнайды қашықтан тасымалдайтын үш құрылғының екеуінде жұмыс тоқтап тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр мұнай тасымалының азаюына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған миналарды залалсыздандыру жұмыстары себеп болғанын атап өтті. Энергетика министрлігінің басшысы аталған жұмыстар 15-25 маусым аралығында жүргізілетінін айтты.

«Мен өткен аптада айтып өткенімдей, теңіз түбінде тиісті жұмыстарды атқарар алдында тазарту іс-шаралары жүргізіледі. Өйткені ол жерде Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған біршама оқ-дәрі әлі де бар», - деді министр.

Ол сондай-ақ Қашағанда 1 маусымнан 15 шілдеге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, дегенмен, қазіргі кезде мұнайды айлақтан тасымалдайтын бір құрылғы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Ал қалған екеуі теңіз түбін тазарту жұмыстарына байланысты тоқтап тұр. Каспий құбыры консорциумына жеткізілетін мұнайға айлақтан тасымалдайтын бір құрылғының қуаты жетеді», - деп түсіндірді Ақшолақов.

Министр жөндеу жұмыстары мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді деп сендірді.

Айта кетсек, Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатты.

 

Серіктес жаңалықтары