«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына бөлінген қаражат басқа салаға жұмсалған – Сенат депутаты
Аталған бағдарламаның мақсаты - ішкі нарықты отандық өндірушілер тауары және қызметімен толықтыру
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша осы жылдың басында кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 843 млрд теңгені құрады. Оның 4/1 бөлігі яғни, 270 млрд сомасындағы қаражат халық тұтынатын тауар өндірісін дамытуға мүлде қатысы жоқ бағытқа жұмсалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев мәлімдеді.
«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының негізі мақсаты ішкі нарықты отандық өндірушілер тауары және қызметімен толықтыру. Алдымен халық тұтынатын таулардардың тізімін анықтау. Бағдарламаның орындалу барысында 11 түзету енгізілді. Оны қаржыландыру көлемі 1,5 есеге артып, 600 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге артты. Іске асыру мерзімі 2 жылға ұзартылды. Мемлекеттік қолдау шараларына бағытталған эколомикалық тизбесі 65-тен 150-ге дейін жетті. Импорт үлесін 2018 жылғы деңгейден 2022 жылға қарай 20 пайызға төмендету және отандық өнім көлемін 20 пайызға өсіру көзделген. Бірақ оладың орындалуы 2023 жылға ауыстырылды.
Осы жылдың басында кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 843 млрд теңгені құрады. Оның 4/1 бөлігі яғни, 270 млрд сомасындағы қаражат халық тұтынатын тауар өндірісін дамытуға мүлде қатысы жоқ бағытқа жұмсалған. Есеп комиеті бұл қаражат конақүй, жаңа мектеп салу, тіс емханасы сияқты басқа салаларға жұмсалғанын атап өтті. Бағдарламаны іске асыру тиімділігі төмен. Уәкілетті орган ешқандай бақылау жүргізбеген. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуы нарықты отандық өндіріспен қаншалықты қамтамасыз ете алды? Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикатор қаншалықты орындалды?», - деген сауал жолдады сенатор.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына осы жылдың басынан бері қаражат көлемі 400 млрд теңгеге өскенін айтты.
«Оның 81 пайызы халықтың күнделікті сатып алатын тұтыну тауарларына бағытталған. Ал 19 пайызы экономикадағы білім беру, денсаулық сақтау және туризм саласына бағытталды. «Даму» қоры арқылы банктердегі несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. 2019-2021 жылдары аралығында 750 млрд теңгеге 1 мыңға жуық жоба субсидияланды. Нысаналы индикатор 20 пайыз болу керек еді. Оны артығымен орындап, 30 пайызға жеткіздік, - деді Үкімет басшысы.