$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұртөре Жүсіп: Шетелде мәдениет күнін өткізу үшін және «Алтын орда» фильміне бөлінген 3,7 млрд теңге игерілмей қалды

«Оның ішінде 200 млн теңге Ақпарат министрлігіне тиесілі, бұл қаражат бюджетке қайтарылды...»

Нұртөре Жүсіп: Шетелде мәдениет күнін өткізу үшін және «Алтын орда» фильміне бөлінген 3,7 млрд теңге игерілмей қалды
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық қордан Қазақстанның шетелдегі мәдениет күнін өткізуге, «Алтын орда» фильмін шығаруға және басқа да шараларға бөлінген 3,7 млрд теңге игерілмей қалған. Президенттің имидждік іс-шаралар шығындарын қысқару туралы тапсырмасын Үкімет ескермей отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп мәлімдеді.

«Жақында Сенатта Жастарды сапалы біліммен, тұрақты жұмыспен қамтуға қатысты мәселелерді талқыладық. Бұл мәселенің шешілуі тікелей қаржыға келіп тірелетініне көз жеткіздік. «Ұлттық рухани жаңғыру» деген жақсы жоба бар. Оның мақсатты – мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Осы жобаны іске асыру аясында былтыр Ұлттық қордан Қазақстанның шетелдегі мәдениет күнін өткізуге, «Алтын орда» фильмін шығаруға және басқа да шараларға бөлінген 3,7 млрд теңге игерілмей қалған.

Президент имидждік іс-шаралар шығындарын қысқарут керек екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы бюджетті қарапайым адамдардың қажеттілігі мен елдің дамуына жұмсау туралы тапсырмасы назардан тыс қалып отырған сияқты. Ұлттық қордың негізгі мақсаты болашақ ұрпақтың несібесіне арналған жинақты қалыптастыру емес пе? Қор қаражатын күмәнді жобаларға жұмсау қашан тоқтайды? Ұлттық жобаларды және оған қатысты бюджетті жоспарлағанда қаражат жастарға пайдасы тиетін нағыз өміршең істерге неге бағытталмайды?» - деді депутат Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа бағыттаған депутаттық сауалында.

Ералы Тоғжанов Ұлттық рухани жаңғыру бойынша 3,7 млрд теңге бөлінгенін растап, бұл қаражатты арнайы фильм түсіруге және шетелде өтетін іс-шаралардың пандемияға байланысты өтпей қалуымен тікелей байланысты екенін айтты.

«Оның ішінде 200 млн теңге Ақпарат министрлігіне тиесілі, бұл қаражат бюджетке қайтарылды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары