«Өрмек» жүйесі арқалы мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласу фактілері анықталды

Azattyq Rýhy

Анықталған фактілер бойынша 35 субъектіге қатысты тергеп-тексеру шаралары басталды

«Өрмек» жүйесі арқалы мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласу фактілері анықталды
фото: atameken.kz

«Өрмек» іздестіру ақпараттық жүйесі 8 ай ішінде мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласудың 27 белгісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның ішінде 17 белгі бойынша 35 нарық субъектісіне қатысты тергеп-тексеру басталды, 10 белгі бойынша 20 нарық субъектісіне қатысты материалдар талданып жатыр.

«Атамекен» ҰКП-ның «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» платформасында құрылған «Өрмек» ақпараттық жүйесі сауда-саттықта картельдік сөз байласу белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Ресейде «Большой цифровой кот» атты сауда алаңдарынан қорытынды деректерді автоматты түрде қалыптастыратын ұқсас жүйе жұмыс істейді. «Өрмек» қазақстандық талдау жүйесінің маңызды айырмашылығы сауда-саттыққа қатысушылардың арасында сауда-саттықта сөз байласудың ықтимал белгілері туралы автоматты түрде хабарлай отырып, іс-әрекетті талдайды және жанама байланысты айқындайды.

«Мысалы, жүйенің көмегімен 2019 жылы тапсырыс берушілер жергілікті атқарушы органдар болып табылатын автомобиль жолдарын жөндеуге арналған 7 сатып алу бойынша конкурстарға екі компания бірлесіп қатысып, бір-біріне жалған бәсекелестік тудырып, іс жүзінде бағаны төмендетпей кезек-кезек жеңіске жеткені анықталды. Сатып алудағы үнемдеу 0,010%-ды құрады. Картельдік сөз байласудың белгілері бұл кәсіпорындардың бір-біріне мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау бойынша мердігерлер және қосалқы мердігерлер болып табылғанын да  расталады. Қазіргі кезде тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді», - делінген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.