$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің 6 облысында және мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті Көкшетауда қолға түсті

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Еліміздің 6 облысында және мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті Көкшетауда қолға түсті
фото: gov.kz

Желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстанның алты облысында іздеуде жүрген гастролер-ұрыны Көкшетау станциясында ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күдіктіге бөтен тұлғаның мүлкін ұрлау және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған. Ол Алматыдан қашып кетіп, еліміздің әр аймағында ұрлық және алаяқтық әрекеттерін жалғастырған.

 Белгілі болғандай, 41 жастағы Жамбыл облысының тумасы бірнеше облыста және мемлекетаралық іздеуде жүрген.  

«Алматы қаласының соты іздеуде жүрген тұлғаны қамауға алуға санкция берді. Осыған байланысты күдікті Ақмола облысы бойынша полиция департаменті Көкшетау қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп көрсетті Көліктегі полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#күдікті #ұры