Қаржылық мониторинг агенттігі халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

Azattyq Rýhy

Жоғары сыйақы мен пассивті кіріске қызыққан қазақстандықтар алаяқтарға алданып қалуда

Қаржылық мониторинг агенттігі халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды
фото: matritca.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте «жалған қаржы компанияларынан» азаматтарға «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компаниялары, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасы, және «Kaspi bank» сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейіп бара жатқанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді.

Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және қаржылық пирамиданың белгілері бар.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады. Әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінде және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеру керек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.