$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда бала қауіпсіздігіне жауапсыз қараған әке қылмыстық бап бойынша тергеліп жатыр

5 жасар кемтар бала үшінші қабаттың терезесінен құлаған

Екібастұзда бала қауіпсіздігіне жауапсыз қараған әке қылмыстық бап бойынша тергеліп жатыр
фото: 24.kz

Екібастұзда бала өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған 25 жастағы азамат қылмыстық бап бойынша тексерілуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша жедел жәрдем диспетчерінен Энергетиктер көшесіндегі үйдің ауласында бала жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Полицейлер ересектердің қарауынсыз қалған бес жасар баланың үшінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінен құлап кеткенін анықтады. Бұрыннан мүгедек болған бала құлау салдарынан түрлі дене жарақаттарын алып, Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді Екібастұз қалалық ПБ басшысы Қайыржан Шақарғалиев.

Баланың әкесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған айыппұл салудан бастап, екі жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары