Елордада алдағы жексенбі күні халықаралық марафон өтеді
Оған 24 елдің спортшылары қатысады
Елордада 19 маусым күні әлемнің 24 елінің спортшыларының басын қосатын NurSultan Half Marathon-2022 өтеді. Жартылай марафонды өткізу кезінде өтетін жолдардың бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтандағы жартылай марафон «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағынан басталады. Жол Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығымен ресми түрде сертификатталған.
«Жарысқа қатысушылар 21.1 км,10 км және 10 км скандинавиялық жүріс қашықтығы бойынша шығады. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларынан 4 мыңнан астам әуесқой спортшы, сондай-ақ әлемнің 24 елінен, оның ішінде Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, ОАР, Эфиопия, Жаңа Зеландия елдерінің қатысушылары шығады деп күтіліп отыр.
Нөмірлерді беру «ЕХРО» орталығында 17 және 18 маусым күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін «QazaqstanLiveFest» көрмесінің аумағында өтеді. Марафоншылар таңғы 07:40-та 10 км және 10 км скандинавиялық жүріспен, 8:00-де 21.1 км қашықтықта жүгіреді. 21.1 км қашықтықта абсолютті жас санатында жеңімпаздарды ақшалай жүлде, медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар күтеді. 1 орын – 450 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге, 3 орын – 350 000 теңге.
Іс-шарада қауіпсіздік жедел медициналық жәрдем көліктерінің, Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерінің, веломедиктердің, ТЖД мен полиция көліктерінің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Старттағы, сондай-ақ тас жолдағы тазалықты қалалық қызмет мамандары қамтамасыз етеді», - делінген әкімдік хабарламасында.
Жартылай марафонды ұйымдастырушылар – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «WorldClassAlmaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және #Другой ты мультиспорттық Youtube-арнасы. Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
- Жүгіру кезінде жолдар жабылады. Атап айтқанда, Түркістан көшесіндегі EXPO ғимаратынан Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 19 маусым күні сағат 7:00-ден 8:50-ге дейін, Сығанақ көшесінен Бәйтерек монументіне дейін сағат 7:40-тан 8:20-ға дейін жабылады.
- Сығанақ көшесі бойын жағалай отырып, Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін қозғалыс 7:40-тан 9:40-қа дейін тоқтатылады.
- Тәуелсіздік даңғылы Райымбек батыр көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейінгі жол 8:00-ден 10:40-қа дейін жабылады.
- Сарайшық көшесі бойымен Тәуелсіздік даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін қозғалыс сағат 8:00-ден 10:40-қа дейін тоқтатылады.
- Мәңгілік Ел даңғылының айналма жолдың оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейінгі бөлігіндегі қозғалыс сағат 8:20-дан 10:40-қа дейін тоқтатылады.
- Қонаев көшесіндегі Мәңгілік ел даңғылынан және «Хан Шатыр» СОО жанындағы қозғалыс сағат 8:30-дан 11:30-ға дейін тоқтатылады.
- Достық көшесі бойымен «Хан Шатыр» СОО-дан Ақмешіт көшесіне дейін қозғалыс сағат 8:30-дан 11:40-қа дейін тоқтатылады.
- Ақмешіт көшесі бойын жағалай Достық көшесінен «EXPO» орталығына дейін қозғалыс сағат 8:40-тан 12:00-ге дейін тоқтатылады.
Жолдардың кептелуіне байланысты, жүгіруге қатысушыларға Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен сөре орнына ("EXPO" ХТО) жету ұсынылады. Бастапқы қаланың жанында тұрақ мүмкін болмайды.
Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыс орнына («EXPO» ХКО) Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен жету жөнінде кеңес беріледі. Жарыс басталатын маңайда тұраққа көлік қою мүмкін болмайды.