$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясы 36 заңды тұлғаның мөртаңбасын заңсыз пайдаланған

Мөрлер инспекцияда 3 жылдан астам уақыт болған

Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясы 36 заңды тұлғаның мөртаңбасын заңсыз пайдаланған
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдегі көліктік бақылау инспекциясы бас маманының жұмыс кабинетінен түрлі заңды тұлғалардың 36 мөртаңбасын тапты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Мамандар анықтағандай, аталған 36 заңды тұлға жыл сайын көп мөлшерде жүк тасымалдауды жүзеге асыруға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін алып отырған.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиевтің айтуынша, мемлекеттік мекемеде заңды тұлғалардың көп мөлшерде мөртаңбалары болуы тасымалдаушылар мен қызметкерлердің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл – жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, мөрлер инспекцияда 3 жылдан астам уақыт болған. Бұл ретте инспекцияның өзінде осы мөртаңбалардың қандай жағдайда және қай уақыттан бері туралы нақты түсінік бере алмады», - делінген департамент мәлімдемесінде.

 

Серіктес жаңалықтары