$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытауда алғашқы Ұлттық құрылтай басталды

Бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Ұлытауда алғашқы Ұлттық құрылтай басталды
Фото: egemen.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы жиырма жылдан кейін облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барған болатын.

Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамына Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам кірді.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы уақытта құрылтай жұмысына қатысушылар ауыстырылып отыруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары