$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Павлодар облысында мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген.

 «Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасағаны және атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан.

Күдіктінің кінәсіне қатысты толық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.

«Қосымша ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деді Антикордан.

Серіктес жаңалықтары