$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жас ұрпақ Қазақстанда жақсы өмірге қол жеткізе алатынын түсінуі тиіс – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстанның олигополиямен қоштасуы тиіс екенін айтты  

Жас ұрпақ Қазақстанда жақсы өмірге қол жеткізе алатынын түсінуі тиіс – Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында ең бастысы, адамдар Қазақстанда болашағының жарқын болып, жақсы өмірге қол жеткізе алатынын түсінуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Мен президент болған үш жыл ішінде Қазақстан да, әлем де көп қиындықты бастан өткерді. Түрлі апат болды, Ковидтен қатты зардап шекті. Дегенмен Қазақстан халқының қолдауы соның бәрін еңсеруге көмектескенін атап өткім келеді. Мен бізге саяси жаңғырулар керек екенін түсіндім, өйткені жұртшылықтың азаматтық белсенділігін ояту қажет еді, қоғамда соған үлкен сұраныс болды. Референдум –­ осы мәселедегі менің үгіт-насихат жұмыстарымның жалғасы. Біз суперпрезиденттік жүйеден президенті есеп беретін парламенті мықты өркениетті жүйеге көшуге тиіспіз. Мен күшті парламент қауіпті деп айтпас едім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда азаматтық қоғамның жақсы пісіп-жетілгенін айтты.

«Дегенмен бірден парламенттік ел болады деп уәде бергенім жоқ. Парламенті күшті, Үкіметі мықты президенттік республика боламыз. Қазақстан олигополиямен қоштасуы тиіс. Мен қиялшыл адам емеспін, оның бәрі бір жылдық жұмыс емес екенін жақсы түсінемін. Бізде қоғамдық лифт жұмыс істеуі тиіс, сондықтан маңызды қызметтерге саяси көзқарасы бар адамдарды алуымыз керек», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы енді дүниеге келген және өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз елінің болашағы зор екенін, осы жерде-ақ жақсы өмірге қол жеткізе алатынын түсінетіндей жүйе құру қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары