Жаңа Абай облысында қандай жобалар жүзеге асырылады

Azattyq Rýhy

Осы жылға бюджетте инфрақұрылымды дамытуға 5,3 млрд теңге бөлінді

Жаңа Абай облысында қандай жобалар жүзеге асырылады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жаңа Абай облысы пайда болды. Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, жаңа нысандар қазақстандық инвесторлар мен Сингапурдың компаниялары есебінен ашылады, деп хабарлады LS агенттігі. 

Ақпаратқа сәйкес, Үржар ауданында "Бақты" кедендік өткелінің көлік-логистикалық орталығын ашу жоспарлануда. Жоба 3,8 млрд теңгеге бағаланды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 390 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, жаңа облыста 4,45 млрд теңгеге мал шаруашылығы кешенін құру және дамыту жобасы жүзеге асырылмақ. Жаңа нысан Тарбағатай ауданында салынып жатыр. Соның нәтижесінде 120 адам жұмыспен қамтылады.

Өңірде металлургиялық зауыттың CIL учаскесі үшін көмір десорбциясы және электролиз цехының ашылуы күтілуде. Ақпаратқа сәйкес, бұл жобаға қазақстандық инвестор 2,34 млрд теңге салады. Оның қуаттылығы жылына 550 мың тонна өнімді құрайды. 15 адам жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін сингапурлық компания Жарма ауданындағы құны – 6,82 млрд теңге цемент зауытын қалпына келтіріп, жаңғыртпақ. Кәсіпорында жылына 1,2 млн тонна өнім шығарылып, 385 жұмыс орны ашылады.

Бұған дейін, LS Семей Абай облысының орталығы болуға қаншалықты дайын екендігі туралы жазған болатын. Атап айтқанда, осы жылға бюджетте инфрақұрылымды дамытуға 5,3 млрд теңге бөлінді. Автомобиль жолдарын жөндеуге 4,01 млрд теңге, сумен жабдықтау жүйесіне 1,2 млрд теңге бағытталады. Республикалық бюджеттен жылу-энергетикалық жүйені жетілдіруге субвенция есебінен 115,07 млн теңге бөлінеді. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жалпы сомасы 18,6 млрд теңгеге жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Соның есебінен 500-ден астам жұмыс орны ашылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.