14.06.2022, 11:50
Жаңалықтар
Шілдеде Президенттің төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Осы жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, онда елдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады. Атап айтқанда, инфляция мен инвестицияға қатысты мәселелер көтеріледі», – деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы барлық министрлер мен әкімдерге отырысқа дайындалуды тапсырды.
Ол барлық өңір, соның ішінде үш жаңа облыс бойынша да алты айдың қорытындысы шығарылуы тиіс екенін айтты.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті