Жол сапасына қатысты нақты критерийлер болса, біз жарысуға дайынбыз – Ақтөбе облысының әкімі
«Кей ақпарат құралдары және басқа да мекемелер түрлі рейтингтер жүргізеді...»

Әкімдердің рейтингін жол сапасының көрсеткішімен есептеу кезінде бірнеше бағыт бойынша нақты талаптар болуы керек. Мұндай пікірді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өңір басшысы әкімдер мұндай рейтингті жөн көретінін жеткізіп, тіпті жарысуға дайын екенін айтты.
«Меніңше, бұл – дұрыс талап. Бұл – қаржылық және өндірістік мәселе емес. Бұл – бүгінде әлеуметтік және саяси мәселеге айналып келе жатқан дүние. Сол себептен әкімдерге жолдың сапасы жөнінен талап қою өте орынды. Бірақ бұл ретте критерий қандай болады? Соны анықтап алу керек. Мысалы кей ақпарат құралдары және басқа да мекемелер түрлі рейтингтер жүргізеді. Кейбірінде төменде жүреміз, кейбірінде алға кетіп қаламыз. Нақты әрі тиісті критерийлер қолданатын болса, ешкім қарсылық етпейді. Біз жарысуға дайынбыз», - деді Оңдасын Оразалин.