$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менің алдымдағы әкімдердің әрекетіне қатысты пікір білдіруді тоқтатуды сұраймын»: Ақтөбе облысының әкімі әріптестерін жақтады

«Менің алдыңғы әріптестерімнің еш кінәсі жоқ...»

«Менің алдымдағы әкімдердің әрекетіне қатысты пікір білдіруді тоқтатуды сұраймын»: Ақтөбе облысының әкімі әріптестерін жақтады
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифинг кезінде журналистерге бұрынғы әкімдердің жұмысын сынға алмауын өтінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

БАҚ өкілдерінің бірі өңірдегі 41-ші жол айрығындағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты сауалын жолдау барысында аталған жоба Бердібек Сапарбаевтың кезінде басталғанын ескеріп, бұл жұмыс әлі де бітпей жатқанын алға тартты.

«Бұл – біздің қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда менің алдымдағы әкімдердің әркетіне қатысты пікір білдіруді тоқтатуды сұраймын. Олар сол уақыттағы жағдайға сай жұмыс істеді. Керісінше, олардың бұл жобаның іске асырылуына бар күшін салғаны үшін алғыс айту керек. Қалғаны менің мойнымда», - деді Оразалин.

Әкім аталған бағытпен өзі де күнделікті қатынайтынын және жолдағы жайсыздықты жақсы білетінін айтты.

«Бұл үлкен жоба. Ол миллиардтаған шығынды талап етеді. Біз бұл жобаны былтыр аяқтамақ болдық. Өкінішке қарай, мердігер мойнына жүктелген міндетін атқара алмады. Түрлі себептер айтылды. Биыл біз қосымша ресурстар тарттық. Осы жылдың күзінде жоба толыққанды аяқталады. Осылай болғаны үшін кешірім сұраймын. Менің алдыңғы әріптестерімнің еш кінәсі жоқ», - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Серіктес жаңалықтары