Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, қатты жел соғады
Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер 13 маусым, яғни дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР территориясының басым бөлігі әлі де циклонның және атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, түнде облыстың таулы аймақтарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жел 15-20, күндіз таулы аудандарында екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, шығысында, найзағай, бұршақ дауыл болады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай, дауыл болады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының түнде шығысында, орталығында, күндіз оңтүстігінде найзағай, түнде облыстың орталығында тұман түседі.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл болып, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.