$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда тұрақта тұрған көліктер отқа оранды

Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Қостанайда тұрақта тұрған көліктер отқа оранды
Фото ашық дереккөзден

Қостанайда тұрақта тұрған көліктер отқа оранды. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Қостанай қаласы "Береке" ауданында көліктердің өртенуіне қатысты полиция Қылмыстық Кодекстің 202-бабы 2-бөлігі, яғни "бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген ведомство хабарламасында.

10 маусым күні Қостанайда "Береке" ауданында 52 және 53 үйлер арасындағы көлік тұрағынан өрт шықты. Оқиға түнгі сағат 03:44-те болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 03:54-те келіп, өртке оранған Hyundai Elantra маркалы автокөліктегі жалынды сөндірген. От жақын маңдағы ГАЗ-21 машинасына тез тарады.

Өрт төрт шаршы метрге жайылып, төрт көлік зақымданды.

Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары