$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ірі көлемде ақша жымқырған балабақша есепшісіне қатысты сот шешімі шықты

Сотталған адамға әділ жаза тағайындалды

Алматыда ірі көлемде ақша жымқырған балабақша есепшісіне қатысты сот шешімі шықты
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы балабақшалардың бірінде ірі көлемде ақша жымқырған бас есепшіге қатысты сот шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, жекеменшік балабақша бас есепшісінің аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлкті жымқыру түріндегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды. Балабақша директоры Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Іс сотқа берілді, сотталған адамға әділ жаза тағайындалып, келтірілген залалды өндіріп алу арқылы айыптау үкімі шығарылды. Тергеушілердің лауазымдық міндеттері мінсіз орындалды. Әділ және заңды тергеу бұл істі тоқтатуға мүмкіндік берді. Бухгалтерлік білімді меңгеру қиын болғанына қарамастан, тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықты түсіне алды. Жұмыс толық көлемде жүргізілді», - деді балабақша директоры.

 

 

Серіктес жаңалықтары