13 жыл бұрын жоғалған Қырғызстан азаматы Атыраудан табылды

Azattyq Rýhy

Ол жақындарымен ренжісіп қалған соң хабарсыз кеткен  

13 жыл бұрын жоғалған Қырғызстан азаматы Атыраудан табылды
фото: azh.kz

Атыраулық полицейлер 13 жыл бұрын жоғалған Қырғызстан азаматшасын тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

2011 жылы Қырғызстан Республикасының апалы-сіңлілі екі азаматшасы Атырау қаласына киім-кешек сатып саудамен айналысуға келген. Сол жылы олардың бірі еліне кері оралмақ болып, сіңлісі осы қалада қалуға шешім қабылдайды.

2013 жылы соңғы телефон қоңырауынан кейін сіңлісімен байланыс үзіледі. Аталған жағдай бойынша Атырау облысы ПД бастығымен жедел-іздестіру тобы азаматшаны іздестіруге кіріседі. Белгілі болғандай, азаматша жақындарымен ренжісіп, осылайша байланысты үзген. Туыстары араға біраз жыл салып, азаматшаны өз бетімен іздеп келгенімен, еш нәтиже шықпаған.

Бүгінде олар атыраулық полицейлердің көмегімен туысымен қауышты. Жоғалған азаматшаның әпкесі тәртіп сақшыларына отбасымен қауыштырғаны үшін алғыстарын айтты.

«13 жыл бойы осы сәтті қанша армандап, күттім. Қуанышымда шек жоқ!» – деп көзіне жас алды қуанған әпкесі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.